156

Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында дебют жасап, алғашқы статистикасын көрсетті

Сәтпаев «Бернли» сапындағы алғашқы матчында 14 дәл пас берді.

Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында дебют жасап, алғашқы статистикасын көрсетті
Burnley Football Club

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев Англия чемпионатының Чемпионшип лигасында «Бернли» сапындағы алғашқы ойынына шықты.

Футболшы сырт алаңда «Вест Бромвичке» қарсы өткен кездесуде алаңға 57-минутта шықты. Ол Джош Лоренттің орнына ойынға қосылды.

Сәтпаев алаңда өткізген уақытында 22 рет допқа тиіп, 7 рет алға ұмтылған. Қазақстандық шабуылшы 16 пас беріп, оның 14-і дәл жетті. Сонымен қатар екі жекпе-жекте жеңіске жетіп, біреуінде қарсыласына есе жіберді.

Осылайша, жас футболшы ағылшын клубындағы алғашқы ойынында алаңға аз уақыт шыққанына қарамастан, ойын статистикасында бірнеше нәтижелі көрсеткішке қол жеткізді.

Алайда «Бернли» бұл кездесуде жеңіліп қалды. Дастан Сәтпаев лондондық «Челсиден» жалға алу негізінде «Бернли» сапында өнер көрсетіп жүр. 

Материал авторы