155

Армения Еуропалық одаққа кіруі мүмкін

Пашинян Арменияның ЕО-ға қосылуы бойынша референдум өткізу мүмкіндігін айтты.

Армения Еуропалық одаққа кіруі мүмкін
Alexandros Michailidis/Shutterstock/FOTODOM

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Армения алдағы уақытта Еуропалық одаққа (ЕО) мүшелікке өтініш беру процесін бастамақ. Бұл туралы ел премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді.

Пашинян Армения үкіметінің 2026–2031 жылдарға арналған бағдарламасын таныстыру кезінде елдің ЕО-ға қосылу мәселесіне қатысты ұстанымын айтты. Оның сөзінше, бұл бағытта ресми өтініш бермес бұрын ауқымды жұмыс атқару қажет.

Премьер-министр ЕО-ға мүшелік мәселесі бойынша референдум өткізу қажеттігін де көтерді. Алайда мұндай дауыс беру мәселені талқылау белгілі бір шешуші кезеңге жеткен кезде ғана мүмкін болатынын атап өтті.

«Армения, ең алдымен, ЕО-ға мүшелікке ресми өтініш беруі керек. Бұл қомақты жұмысты талап ететін процесс. Сондықтан жақын арада осы бағыттағы жұмысты бастаймыз», – деді Никол Пашинян.

Ол бұл қадамды Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) әріптестерінің үндеуін ескере отырып қолға алатынын да айтты.

Материал авторы