41

Мемлекеттік рәміздер патриоттық рухты аспандатады

Патриотизм жайлы көп айтуға болады. Бұл сөздің мағынасы терең, ұғымы кең. Патриотизм - ел мен жерге жанашырлық, отанға деген сүйіспеншілік, елге қызмет ету сияқты аса мәнді құндылықтар. Біздің қоғамымызда патриотизм мемлекеттің гүлденуінің негізгі рухани тірегі десек болады.

Мемлекеттік рәміздер патриоттық рухты аспандатады
AI / SMARTNEWS.KZ

Патриотизм ел мен халыққа құрмет, елдің болашағына қызмет ету. Патриот адам адал еңбек етеді, ел ішінде татулық пен келісімнің салтанат құруына үлес қосады. Қазақ халқы үшін бірлік ұғымы қашанда биік тұрған. Ал бірлік, елдің ынтымағы елді өркендетеді. Патриоттық тәрбиемен сусындағын азаматтардың ортақ мақсатқа жұмылуы елдікті сақтаудың басты жетістіктерінің біріне жатады.

Халықтың ынтымағы мен бірлігі барлық уақытта елдің ең қастерлі құндылығы болған. Сол ынтымақ пен бірліктің арқасында жер-су, тау-тас, орман-тоғай мен кең дала ұрпақтан ұрпаққа аманат етіліп отырған. Патриоттық тәрбие жайлы сөз еткенде бірінші кезекте айтылатын әңгіме осы болуы тиіс.

Бүгінгі таңда халықтың тұтастығы мен елдің бірлігі де халықтың патриоттық рухының арқасында сақталып келеді. Халықта елдікке, жетістікке, мызғымас мемлекеттілікке ұмтылысының ар жағында да үлкен патриотизм жатыр. Өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизмнің мықты екені қуантады. Жастар білімге құштар, сапалы еңбекке бейім. Олар қоғамның, елдің дамуына үлес қосуды басты парызымыз деп санайды. Сол үшін мамандық алуға, кәсіби шебер болуға, жоғары білікті азамат болып өсуге талпынады. Бұл патриотизм ғана емес, елді жарқын болашақа жетелейтін, сол болашақты бақытты ететін бүгінгі ұрпақтың рухты болмысы. Сапалы білім алу, адал қызмет ету, жаңашылдық қасиет таныту жастарға тән қасиеттер. Демек патриот жастарымызда елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік жоғары. Бұл үлкен құндылық пен бойда қалыптасқан асыл қасиет. Мұндай қасиеттің молынан орнығуы елді тұрақты етеді. Ал тұрақты елде экономика алға қарыштайды, ғылым мен мәдениет қанат жаяды. Сондықтан бірлік пен тұрақтылықты сақтауға үлес қосамын деген ұстаным нағыз патриотизм. Бұл шын мәніндегі азаматтық борыш. Мемлекеттік саясаттың өзі елге жанашыр болатын, отанды сүйетін, ертеңіміз үшін бүгін қызмет ететін нағыз патриоттарды өсіріп шығаруға негізделген. Елдің бірлігі мен тыныштығы және гүлденуі мен өрлеуі әрбір азаматтың патриоттық ұстанымымен тығыз байланысты.

Патриот адам мепмлекеттік рәміздерді қастерлейді. Көк байрақ, алтын шаңырақты Елтаңба және асқақ Әнұран – халқымыздың тарихы мен тағдырын, тәуелсіз ел ретіндегі болмысын айқындайтын қасиетті белгілер. Рәміздерге құрмет – мемлекетке құрмет, ал мемлекетке құрмет – өз еліңе деген адалдық. Әр азаматтың жүрегінде байрақ желбірейді, ал әнұранның әуені жүректі қозғағанда патриоттық рух аспандайды.

Материал авторы

Серік Алдан
Серік Алдан Саяси шолушы