Риддерде ер адам туған қызын 6 жасынан бері зорлап келді деген күдікке ілінді
Қазір тергеушілер бірнеше жылға созылды деген күдікті жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында ер адам кәмелетке толмаған туған қызына бірнеше жыл бойы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді. Күдікті ұсталып, қамауға алынған.
Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге сәйкес, қыз бала әкесінің тарапынан 6 жасынан бастап зорлық-зомбылыққа ұшыраған болуы мүмкін. Қазір оның жасы 13-14 шамасында екені айтылған.
Материал авторы
Азиз Қалижан
Редактор