2026 жылға қарай 191 ауыл мектебі NIS әдістемесімен оқиды

18.05.2023, 10:16
390
2026 жылға қарай 191 ауыл мектебі NIS әдістемесімен оқиды smartnews.kz

Ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықтықты азайтуда NIS әдістемесі нәтиже бере бастады. Бұл туралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес зияткерлік мектептер жалпы білім беретін мектептермен бірлесе отырып, қала мен ауыл білімі арасындағы айырмашылықты азайтуға негізделген маңызды стратегияны жүзеге асыруда. Ауыл мектептеріндегі білім сапасының өзектілігі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 2020 жылы ауыл мектептерін қолдау бойынша жобаларын бастауына негіз болды», – деді Әнуар Жанғозин «Қазақстан халқына» қоры ұйымдастырған «Білімді ұрпақ – білімді ел» конференциясында.

Оның айтуынша, «Ауылды аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасында Назарбаев ияткерлік мектептері 3 негізгі бағыт бойынша жұмыс істеуде.

«Бірінші бағыт мектептің қазіргі жағдайы мен негізгі процестерін толық диагностикалау мен зерттеуді қамтыса, екінші бағыт әр мектептің анықталған проблемалары негізінде толық әдістемелік қолдау көрсету. Ал үшінші бағыт – мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға негізделген», - деп түсіндірді ол.

Сонымен бірге Әнуар Жанғозин NIS әзірлеген әдістемемен оқып жатқан 17 ауылдағы мектеп оқушыларының үлгерімі артқанын жеткізді.

«Жобаның басталғанына бір жылға жуықтады, оның тиімділігін қазірден көріп отырмыз. Пәндік білім мониторингінің қорытындысы бойынша 4-сынып оқушылары математика және қазақ тілі пәндерінен үлгерімдері жақсарғанын көрсетіп отыр. Ал 8-сынып оқушылары 9 пәннің 7-еуінен оң динамиканың бар екен көрсетеді. Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілген зерттеулердің нәтижелері. Біз осы бағытта мектептермен жұмысты жалғастырамыз», - деді Әнуар Жанғозин.

Сондай-ақ ауыл оқушылары қалада оқитын қатарластарынан қалмай робототехника олимпиадаларына, пәндік сайыстарға, спорттық жарыстарға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Биылғы NIS-тің дәстүрлі Наурыз кездесулерінде ауылдан шыққан 13 оқушы 3D биопринтинг, ақылды протездер және биоинтерфейс саласындағы ғылыми жобаларын ұсынған.

Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады