Дубайда апалы-сіңлілі қазақстар қаза тапты: СІМ мән-жайды хабарлады
Қайғылы жағдайдың өзге мән-жайлары әзірге тергеу мүддесіне байланысты жарияланбай отыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында Қазақстанның екі азаматы — апалы-сіңлілі Ақжан және Жұлдыз Б. өлі табылды. Қайғылы жағдайдың мән-жайын жергілікті құзырлы органдар анықтап жатыр.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы қаза тапқан қыздардың отбасына қажетті көмек көрсетіп жатыр. Оның ішінде марқұмдардың денесін Қазақстанға жеткізуге қажетті құжаттарды рәсімдеу және БАӘ-нің тиісті органдарымен байланыс орнату жұмыстары жүргізілуде.
Сыртқы істер министрлігі марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтты.
«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Шарджа қаласында қаза тапқан азаматтарымыз Ақжан мен Жұлдыз Б.-ның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады», — деп хабарлады ведомство.
Қазір қазақстандықтардың өліміне қатысты барлық мән-жайды БАӘ-нің құзырлы органдары анықтап жатыр. Тергеу жүріп жатқандықтан, оқиғаның өзге деректері әзірге жарияланған жоқ.
СІМ қаза тапқандардың отбасыларымен тұрақты байланыста екенін және өз құзыреті шегінде қажетті қолдауды жалғастырып отырғанын мәлімдеді.
Материал авторы