Атырау әуежайында Ресей азаматы қайтыс болды
41 жастағы жолаушыны құтқаруға жасалған әрекеттерге қарамастан, ол ұшақ қонғаннан кейін көз жұмды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркияның Анталья қаласынан Екатеринбургке бағыт алған ұшақ жолаушының денсаулығы күрт нашарлауына байланысты Атырау әуежайына мәжбүрлі түрде қонды. Алайда 41 жастағы Ресей азаматы ұшақ қонғаннан кейін көз жұмды.
Оқиға «Аэрофлот» әуе компаниясының рейсінде болған. Ер адам Түркиядағы демалыстан кейін еліне қайтып келе жатқан. Ұшу кезінде оның жағдайы күрт нашарлаған.
Осыдан кейін экипаж бағытты өзгертіп, медициналық көмек көрсету үшін ұшақты Атырау әуежайына қондыру туралы шешім қабылдаған.
Алайда жолаушыға көрсетілген шараларға қарамастан, ер адам қонғаннан кейін қайтыс болды.
Күтпеген жерден қонуға байланысты ұшақтың Екатеринбургке ұшып жетуі кейінге қалды. Рейс жалпы есеппен 2 сағат 25 минутқа кешіккен.
Материал авторы