156

Қарағандыда 23 жастағы жұмысшыны топырақ басып қалды

Кәріз жүйесін тарту жұмыстары кезінде 2003 жылы туған жұмысшы су мен топыраққа толған траншеяның астында қалған.

Қарағандыда 23 жастағы жұмысшыны топырақ басып қалды
t.me/qr_tjm/41622

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда кәріз жүйесін тарту кезінде 23 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып қойды. Оқиға Қазыбек би атындағы аудан аумағында болған. 

Оқиға Молоков көшесі маңында жер қазу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде болған. 2003 жылы туған жұмысшы кәріз жүйесін тарту үшін қазылған траншеяда жұмыс істеген.

Кенеттен оны топырақ басып қалған. Бұған қоса, траншеяның іші суға толған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы келген. Құтқарушылар жұмысшылармен бірлесіп, зардап шеккен ер адамды топырақ пен су басқан траншеядан алып шыққан.

Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін жұмысшы жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Оның денсаулық жағдайы туралы қосымша ақпарат берілген жоқ. 

Материал авторы