Мейрамбек Беспаевтің тағы бір қыры көпшілікті таңғалдырды
Мейрамбек Беспаевтың қылқалам ұстағанын көрген жанкүйерлері оның шығармашылығына жоғары баға берді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші, «МузАРТ» тобының солисі Мейрамбек Беспаев өнердегі тағы бір қырын көрсетті. Өнерпаз бұл жолы ән айтып қана қоймай, қылқалам алып, табиғат көрінісін бейнелеген.
Әнші салған картинасын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Туындыда табиғат көрінісі бейнеленген. Беспаев суретке қатысты «Жаз өтіп, құстар ұшып кетті, қызықсыз болды деп айта алмаймын» деген пікір білдірген.
Өнерпаздың бұл қыры оның жанкүйерлерін де таңғалдырды. Жазба астына пікір қалдырғандар Мейрамбектің сурет өнеріндегі қабілетін жоғары бағалап, шығармашылық шабыт тіледі.
Көпшілік әншінің сахнадағы өнерімен бұрыннан таныс болғанымен, оның сурет салуға да бейімі барын енді білді. Желі қолданушылары өнерпаздың бұл талантын жылы қабылдады.
Материал авторы