Астанада ер адам көпқабатты үйдің терезесінен дәрет сындырған
Оқиға Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болып, тұрғындар ер адамның әрекетін видеоға түсіріп алған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адамның оғаш әрекеті тұрғындардың камерасына түсіп қалды. Ол көпқабатты үйдің терезесінен сыртқа дәрет сындырған.
Оқиға куәгерлерінің бірі болған жағдайды видеоға түсіріп алған. Кадрлар әлеуметтік желіде тараған.
Жағдайға полиция да назар аударды. Құқық қорғау органдары бұл дерек бойынша тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады. Қазір ер адамның жеке басы анықталып жатыр.
Полицияның мәліметінше, оның кім екені анықталып, оқиғаның барлық мән-жайы белгілі болғаннан кейін әрекетіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі.
Осылайша, тұрғын үй кешеніндегі әдепсіз әрекет бойынша полиция тексеруі басталды.
Материал авторы