«Бәрі әкесіне тартқан»: Айқын Төлепберген бес баласын көрсетті
Әнші балаларымен шетелде демалып жүргенін көпшілікке көрсетті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі Айқын Төлепберген бес баласымен бірге түскен отбасылық суретін жариялады. Әнші жұбайы, «КешYOU» тобының бұрынғы солисі Жұлдыз Өмірғалимен және балаларымен бірге Анталияда демалып жатыр.
Айқынның Instagram-дағы стористерінде отбасының Анталиядағы The Land of Legends ойын-сауық саябағында уақыт өткізгені көрінеді. Кейін әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бес баласымен бірге түскен суретін жариялады.
Айқын Төлепбергеннің екі ұлы және үш қызы бар. Оның бесінші баласы өткен жылдың желтоқсан айында дүниеге келген еді.
Жаңа суретке әлеуметтік желі қолданушылары да пікір білдірді. Көпшілік балалардың әкесіне ұқсайтынын айтып, әсіресе үлкен ұлының Айқынға тартқанын атап өтті.
«Үлкен ұлыңыз сіздің SuperStar KZ-ге қатысқан кезіңіздегі бейнеңізге қатты ұқсайды», «Бәрі әкесіне тартқан», «Қандай сүйкімді отбасы», деген пікірлер жазылды.
Материал авторы