230

Тоқаевтың өкімімен төрт шенеунік қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының шешімімен бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды.

Тоқаевтың өкімімен төрт шенеунік қызметінен босатылды
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысының бірқатар жарлығы мен өкімімен Қазақстанның дипломатиялық және мемлекеттік басқару жүйесінде кадрлық өзгерістер болды. Бұл туралы Ақорданың мәлімдеді.

Президент Жарлығымен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстанның Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Кадрлық өзгерістер Президент Іс басқармасы мен Президент Әкімшілігін де қамтыды. Атап айтқанда, Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды.

Ал Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Президенттің аталған кадрлық шешімдері тиісті жарлықтар мен өкімдер арқылы рәсімделді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор