137

Әпкесін ерекше құттықтамақ болған астаналық қамауға алынды

Қарындасын құттықтаймын деп қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам ұсталды.

Әпкесін ерекше құттықтамақ болған астаналық қамауға алынды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада 34 жастағы ер адам әпкесінің туған күнін ерекше атап өтпек болып, түнде мейрамхана тұрақтарының бірінде отшашу атқан. Алайда мерекелік тосынсыйдың соңы бес тәулік қамауға ұласты.

Полиция мәліметінше, құқық бұзушылық түнгі уақытта болған. Ер адам туған күн иесін құттықтау үшін тұрақта пиротехникалық бұйымдарды іске қосып, тыныштық пен қоғамдық тәртіпті бұзған.

«Полиция қызметкерлері мейрамхана тұрақтарының бірінде түнгі уақытта пиротехниканың қолданылғанын анықтады. 34 жастағы ер адам мұндай әрекетке қарындасын туған күнімен құттықтау үшін барған», — деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.

Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Істі қараған сот ер адамға 5 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

Полиция тұрғындарға мерекелік шара кезінде де қоғамдық тәртіп талаптарын сақтауды ескертті. Пиротехниканы тек рұқсат етілген орындарда пайдаланып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор