ШҚО-да екі адамның мәйіті табылды: Полиция қылмыстық іс қозғады
Күршімде ер адам мен әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауылында қайғылы оқиға болып, 31 жастағы әйел мен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оқиғаға қатысты полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел алған дене жарақаттарының салдарынан көз жұмған. Полицияның анықтауынша, оған бірге тұрған ер адам жарақат салған. Құқық қорғау органдары оның сол сәтте мас күйінде болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Кейін ер адамның да қайтыс болғаны анықталған.
Оқиғаға байланысты Күршім аудандық полиция бөлімі қылмыстық істер қозғады. Қазір тергеушілер болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Полиция қайғылы оқиғаның себептері мен оған қатысты өзге де деректер тергеу нәтижесінде нақтыланатынын хабарлады.
Материал авторы