Дастан Сәтпаев «Бернли» сапындағы алғашқы матчында үздіктердің бірі атанды
Сәтпаев «Бернлидің» негізгі құрамында дебют жасап, жоғары баға алды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жас шабуылшы Дастан Сәтпаев ағылшынның «Бернли» клубының негізгі құрамында алғаш рет алаңға шығып, командадағы үздік ойыншылардың бірі ретінде бағаланды.
Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Англия Лига кубогінің екінші кезеңінде «Брэдфорд Сити» командасына қарсы өткен кездесуде бастапқы құрамнан орын алды. Сәтпаев алаңда 80 минут ойнады.
Sofascore статистикалық порталы қазақстандық футболшының ойынына 7,1 балл берді. Бұл — «Бернли» құрамындағы үшінші үздік көрсеткіш.
Матч барысында Сәтпаев 30 дәл пас беріп, олардың 86 пайызы адресатына жетті. Сонымен қатар ол доппен 18 рет қарқын үдетіп, қорғаныстағы төрт доп тартысының барлығында жеңіске жетті. Жердегі алты жекпе-жектің бесеуінде қарсыласынан басым түскен қазақстандық ойыншыны бірде-бір қарсылас жеке дара тартыста айналып өте алмады.
Кездесудің негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталды. Ал пенальти сериясында «Брэдфорд Сити» 4:2 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті.
Осылайша «Бернли» турнирмен қош айтысқанымен, Дастан Сәтпаев үшін бұл матч маңызды сынақ болды. Жас шабуылшы ағылшын клубының негізгі құрамындағы алғашқы ойынында сенімді өнер көрсетіп, сарапшылар мен статистикалық порталдардың назарын өзіне аударды.
Материал авторы