126

Маңғыстауда екі бала сапбордпен теңізге ағып кете жаздады

Балаларды құтқаруға жергілікті тұрғындар моторлы қайықпен шығып, оларды аман-есен жағаға жеткізді.

Маңғыстауда екі бала сапбордпен теңізге ағып кете жаздады
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысында сапбордпен Каспий теңізіне шығып кеткен екі баланы жергілікті тұрғындар құтқарып қалды. Бұл туралы Lada.kz жазды.

Оқиға 27 тамыз күні Қызылөзен ауылы маңында болған. Екі баланың сапбордпен теңізге шығып кеткені туралы хабар түскеннен кейін құтқарушылар оқиға орнына аттанған.

Алайда балаларды іздеу операциясы құтқарушылар жетпей тұрып аяқталған. Қызылөзен ауылының тұрғындары уақыт жоғалтпай, «Байда» моторлы қайығымен теңізге өздері шыққан.

Жергілікті тұрғындар балаларды тауып, оларды аман-есен жағаға жеткізді. Осыдан кейін құтқару тобына іздеу жұмыстарын тоқтату туралы бұйрық берілген.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Материал авторы