166

Найзағай, бұршақ және 37 градус ыстық: 28 тамызға арналған ауа райы болжамы

28 тамызда Қазақстанның солтүстік өңірлерінде жаңбыр мен найзағай күтілсе, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста аптап ыстық сақталады.

Найзағай, бұршақ және 37 градус ыстық: 28 тамызға арналған ауа райы болжамы
pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде 28 тамыз күні жауын-шашын күтілмейді. Алайда солтүстік өңірлерде, сондай-ақ Астана қаласында жаңбыр мен найзағай болжанған. Кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады.

Астана: ауыспалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр мен найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел екпінді болады. Түнде +12...+14°C, күндіз +24...+26°C.

Алматы: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C.

Шымкент: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +17...+19°C, күндіз +34...+36°C.

Ақтөбе: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Түнде +11...+13°C, күндіз +23...+25°C.

Ақтау: ауыспалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +21...+23°C, күндіз +29...+31°C.

Атырау: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C.

Жезқазған: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпінді болады. Түнде +19...+21°C, күндіз +32...+34°C.

Қарағанды: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +14...+16°C, күндіз +27...+29°C.

Көкшетау: ауыспалы бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +10...+12°C, күндіз +19...+21°C.

Қонаев: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +16...+18°C, күндіз +32...+34°C.

Қостанай: ауыспалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде +10...+12°C, күндіз +18...+20°C.

Қызылорда: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +20...+22°C, күндіз +35...+37°C.

Павлодар: ауыспалы бұлтты. Таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Түнде +14...+16°C, күндіз +25...+27°C.

Петропавл: ауыспалы бұлтты. Түнде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Күндіз жел екпінді болады. Түнде +11...+13°C, күндіз небәрі +16...+18°C.

Семей: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +10...+12°C, күндіз +28...+30°C.

Талдықорған: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +9...+11°C, күндіз +32...+34°C.

Тараз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +16...+18°C, күндіз +33...+35°C.

Түркістан: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +19...+21°C, күндіз +35...+37°C.

Орал: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +10...+12°C, күндіз +22...+24°C.

Өскемен: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +9...+11°C, күндіз +25...+27°C.

 

Материал авторы