157

28 тамыздағы валюта бағамы: доллар, еуро және рубль қанша тұрады?

Айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің сатып алу мен сату бағамдары белгілі болды.

28 тамыздағы валюта бағамы: доллар, еуро және рубль қанша тұрады?
Sebastian Moldoveanu's Images / Canva

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу мен сату бағамдары жарияланды.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанадағы айырбастау орындарында АҚШ доллары орта есеппен 459,16 теңгеден сатып алынып, 466,16 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы 531,44 теңге болса, сату бағасы 541,44 теңгені құрайды. Ресей рублі 5,14–5,35 теңге аралығында айырбасталады.

Алматыда долларды 462,91 теңгеден сатып, 465,47 теңгеден сатып алуға болады. Еуро 535,71 теңгеден сатып алынып, 541,01 теңгеден сатылуда. Ал рубльдің бағамы 5,18–5,32 теңге аралығында қалыптасқан.

Шымкенттегі айырбастау орындарында доллар 463,31 теңгеден сатып алынып, 465,69 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағамы 536 теңгеден 540,87 теңгеге дейін жетеді. Рубль 5,18–5,28 теңге аралығында саудалануда.

Ал 28 тамыздағы ресми валюта бағамына сәйкес, 1 АҚШ доллары 462,30 теңге, 1 еуро 538,07 теңге, ал 1 Ресей рублі 5,41 теңге болды.

Материал авторы