34

Алматы облысында тандыр нан сатушысын өлтірді деген күдікті ұсталды

Ақтас ауылындағы тандырда сатушы мен келуші арасындағы сөз таласы төбелеске ұласып, 35 жастағы ер адам қаза тапты.

Алматы облысында тандыр нан сатушысын өлтірді деген күдікті ұсталды
КТК

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының Ақтас ауылында тандыр нан сатушысы қаза тапты. 35 жастағы ер адам Өзбекстан азаматы болған. Тергеу нұсқасы бойынша, қайғылы оқиға тандырдағы жанжалдан кейін болған. Бұл туралы КТК арнасы жазды.

Оқиға нан сататын жерде болған. Сатушы мен келушілердің бірінің арасында сөзге келіспеушілік туып, кейін жанжал төбелеске ұласқан. Сол кезде 56 жастағы ер адам пышақ алып, қарсыласын жаралаған. 35 жастағы сатушы алған жарақатынан қаза тапты.

Марқұм тандырда шамамен бес жыл жұмыс істеген. Ауыл тұрғындары оны сабырлы, көппен жанжалдаспайтын адам ретінде еске алады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ол кейде жұма күндері нанды тегін таратып жүрген.

Оқиғадан кейін полиция күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында 56 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталған. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындаған.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Материал авторы