109

«Жеке өмірімде жолым болмай жүр»: Еркебұлан Тоқтар сүйіктісі жоғын айтып ақталды

Актер әрі ММА спортшысы Еркебұлан Тоқтар қазіргі таңда қыз жоқ екенін айтып, жеке өміріне қатысты пікір білдірді.

«Жеке өмірімде жолым болмай жүр»: Еркебұлан Тоқтар сүйіктісі жоғын айтып ақталды
instagram.com/erkebulan_toktar

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актер әрі ММА спортшысы Еркебұлан Тоқтар Бейбіт Әлібековтің «По офисам» бағдарламасына қатысып, бизнесі, продакшн агенттігі, жеке лейблі және жеке өмірі туралы әңгімеледі.

Бағдарлама барысында актер қазіргі уақытта қыз досы жоқ екенін және ешкіммен қарым-қатынаста емес екенін айтты.

Еркебұлан Тоқтар жеке өмірінде әзірге жолы болмай жүргенін де жасырмады. Ол өзінің ағасын мысалға келтіріп, оның мектептегі махаббатына үйленіп, қазір бала тәрбиелеп отырғанын айтты.

«Қазір менің қызым жоқ. Қарым-қатынаста емеспін», – деді актер.

Осылайша, Еркебұлан Тоқтар қазіргі жеке өміріне қатысты ұстанымын ашық білдірді. Бағдарламада ол шығармашылық және кәсіпкерлік бағыттағы жұмыстары туралы да сөз қозғады.

Дегенмен жақында Маркиза есімімен танымал блогер қыз актердің сүйіктісі екенін айтып, екеуі шетелге қыдырып келгенін ашып айтқан еді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор