21 жастағы қыз жұмбақ жағдайда көз жұмды: туыстары тергеу нұсқасына күмән келтіреді
Қыз байланысқа шықпай қалғаннан кейін оның туыстары болған жағдайға қатысты бірқатар сұрақ туындағанын мәлімдеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының Ұзынағаш ауылында 21 жастағы қыздың қаза болуына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Марқұмның туыстары оқиғаның ресми нұсқасына күмән келтіріп, істің барлық мән-жайын мұқият тексеруді талап етуде. Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.
Қайғылы оқиға биыл 29 маусымда болған. 21 жастағы қыздың денесі Ұзынағаш ауылындағы ерлер дәретханасынан табылған.
Марқұмның жақындарының айтуынша, қыз оқиғаға дейін отбасымен бірге уақыт өткізуді жоспарлаған. Жұмыстан кейін ағасының үйіне баруы тиіс болғанымен, түнге қарай байланысқа шықпай қалған.
Туыстары қыздың өлімінің мән-жайына қатысты күмән туғызатын жайттар бар екенін алға тартты. Олардың сөзінше, марқұмның денесін көрген кезде бірқатар белгілерге назар аударған. Сонымен қатар қыздың жеке заттарын отбасы мүшелері өздері жыра маңынан тауып, кейін тергеушілерге тапсырған.
Марқұмның туыстары қыздың өліміне қатысты барлық жайтты жан-жақты әрі әділ тексеруді талап етіп отыр.
Алматы облыстық полиция департаменті оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, қыздың өліміне қатысты барлық жағдай анықталып жатыр.
Материал авторы