139

Доллар, еуро және рубль бағамы: 31 тамыздағы айырбастау пункттеріндегі жағдай

Айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің сатып алу-сату бағасы жаңарды.

Доллар, еуро және рубль бағамы: 31 тамыздағы айырбастау пункттеріндегі жағдай
apomares / Getty Images Signature

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 31 тамыздағы жағдай бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің сатып алу-сату бағамы белгілі болды.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астанадағы айырбастау орындарында АҚШ доллары орта есеппен 459,99 теңгеден сатылып, 466,99 теңгеден сатып алынады.

Еуроның сату бағасы 532,97 теңге болса, сатып алу құны 542,97 теңгені құрап отыр. Ал ресей рублі 5,15-5,35 теңге аралығында айырбасталуда.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды 462,48 теңгеден сатуға, ал 465,04 теңгеден сатып алуға болады. Еуро 535,41 теңгеден сатылып, 540,61 теңгеден сатып алынады.

Рубльдің бағасы Алматыда 5,20-5,34 теңге аралығында қалыптасқан.

Шымкентте доллардың сату бағасы 463,03 теңге, ал сатып алу бағасы 465,16 теңге болды. Еуро 535,79 теңгеден сатылып, 541,05 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі Шымкенттегі айырбастау орындарында 5,20 теңгеден сатылып, 5,30 теңгеден сатып алынады.

Ал ресми бағам бойынша 1 АҚШ доллары 464,77 теңге, 1 еуро 541,36 теңге, ал 1 ресей рублі 5,41 теңге болып белгіленді.

Материал авторы