Маңғыстауда сапборд теуіп жүрген 28 жастағы ер адам суға кетіп көз жұмды
Қайғылы оқиға Ақтаудан шамамен 45 шақырым жерде орналасқан Жылы жағажай маңында болған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысында 28 жастағы ер адам сапборд теуіп жүрген кезінде суға кетіп, көз жұмды. Қайғылы оқиға Ақтаудан шамамен 45 шақырым жерде орналасқан Жылы жағажай маңында болған. Бұл туралы жергілікті «Lada» басылымы жазды.
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1998 жылы туған ер адам шомылуға арнайы жабдықталмаған жерде суға кеткен.
Оқиға кезінде оның достары ер адамды судан жағалаудан шамамен 10 метр қашықтықтан алып шыққан.
Оқиға орнына жедел түрде жедел-құтқару қызметінің мамандары, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция және жедел жәрдем бригадасы жеткен.
Құтқарушылар мен медицина қызметкерлері қажетті көмек көрсеткенімен, 28 жастағы ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады.
Материал авторы