Димаш Құдайберген Қарағандыдағы балалар үйіне күтпеген жерден барды
Әнші балалармен шай үстінде әңгімелесіп, оларға қолдау білдірді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Қарағандыдағы ерекше әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына барып, тәрбиеленушілермен кездесті.
29 тамызда Қарағандының Жаңа алаңында Шахтер күніне арналған ауқымды мерекелік концерт өткен. Кештің концерттік бағдарламасын Димаш Құдайберген қорытындылады. Әнші көрерменге жуырда аяқталған Stranger әлемдік турнесіндегі шығармаларын және жаңа музыкалық туындыларын ұсынды.
Ертеңіне, 30 тамызда өнер иесі Қарағандыдағы «Асем» балаларды қолдау орталығына арнайы барды.
Кездесу жылы әрі еркін атмосферада өткен. Димаш балалармен шай үстінде әңгімелесіп, олардың сөзін тыңдаған. Сонымен қатар тәрбиеленушілерге қолдау көрсетіп, өмірлік тәжірибесіне сүйенген ақыл-кеңесін бөліскен.
Әншінің бұл сапары Қарағанды облысының әкімдігі мен облыстық білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған.
Кездесуден кейін орталық тәрбиеленушілерімен болған жылы жүздесу туралы кадрлар әлеуметтік желіде тарады.
Материал авторы