Жамбыл облысы мал саны бойынша республикада екінші орында тұр

18.05.2023, 17:07
523
Жамбыл облысы мал саны бойынша республикада екінші орында тұр smartnews.kz

Жамбыл облысы мал саны бойынша екінші орында. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Құрмантаев мәлімдеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Басқарма басшысының айтуынша, 4 айда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында барлығы 4,5 млн бас ауыл шаруашылығы жануары тіркелген.

Оның 522 мың басы - ірі қара, 3,8 млн - ұсақ мал, 8 мың бас - шошқа, 180 мың бас - жылқы, 7,5 мың бас - түйе малы.

Облыс осылайша мал саны жөнінен республика бойынша екінші орында.

Брифинг барысында басқарма басшысы облыста атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

«Дезинфекциялық дәрі-дәрмекке берілген өтінімге сәйкес, облыстық бюджеттен тікелей аудандарға барлығы 83 мл 842 мың теңге бөлініп, акарацид препараттары сатып алынды. 24 елді мекенде жеке қосалқы шаруашылықтар иелігіндегі мүйізді ірі қараның аналық басын қолдан ұрықтандыру жоспарланды. Бұдан бөлек, ветеринар мамандардың мәртебесін айқындау және ветеринария саласын цифрландыру бағытында қолданыстағы заңнама аясында ветеринар мамандар азаматтық қызметшілер қатарына қосылды. І-ІІ патогенді аурулармен жұмыс атқаратын ветеринар дәрігерлердің жалақысы 35-50 пайыз аралығында көтерілді», – деді Нұржас Құрмантаев.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды