118

Павлодарда жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, бір адам қаза тапты

Павлодардағы жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

Павлодарда жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, бір адам қаза тапты
t.me/irbistvcomm

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар қаласында жеңіл автокөлік пен КамАЗ жүк көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам көз жұмды.

Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға Циолковский көшесінде болған. Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылған.

Дәрігерлердің мәліметінше, шақырту 29 тамыз күні таңғы сағат 08:00-де түскен. Жол апатына байланысты бірінші санаттағы шұғылдықпен жедел жәрдем бригадасы жіберіліп, мамандар оқиға орнына тоғыз минутта жеткен.

Алайда дәрігерлер 1999 жылы туған ер адамның қайтыс болғанын тіркеді.

Жол апатына қатысқан тағы екі ер адам – 1981 және 1999 жылы туған азаматтар дәрігерлік тексеруден өтті. Олардың жағдайы ауруханаға жатқызуды қажет етпеген. 

Материал авторы