52

Димаш Құдайберген қарияның қолын сүйіп, көпшілікті толқытты

Өнерпаз көрермен арасындағы егде жастағы әйелдің қолын сүйіп, халықтың ықыласына бөленді.

Димаш Құдайберген қарияның қолын сүйіп, көпшілікті толқытты
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда өткен Шахтерлер күніне арналған ауқымды концерттен тараған видео әлеуметтік желі қолданушыларын ерекше әсерге бөледі. Кадрда қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің егде жастағы әйелге құрмет көрсетіп, қолын сүйген сәті түсірілген.

29 тамызда Қарағандыда Шахтерлер күніне орай үлкен мерекелік концерт өтті. Кеште Димаш Құдайбергенмен қатар Дима Билан, Қайрат Нұртас, Moldanazar және Dequine өнер көрсетті.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, концертті тамашалауға шамамен 250 мың адам жиналған. Бұған дейін қала әкімдігі кешкі сағат 21:00-ге қарай концерт алаңында 170 мыңға жуық көрермен болғанын хабарлаған еді.

Алайда концерттен кейін әлеуметтік желіде кеңінен тараған кадрлардың бірі көпшіліктің ерекше назарын аударды. Бейнежазбада Димаш Құдайберген көрермендер арасындағы егде жастағы әйелге жақындап, үлкенге деген құрметтің белгісі ретінде оның қолын сүйеді.

Бұл видео қазақстандық пабликтерде жылдам тарады. Желі қолданушылары әншінің әрекетін жоғары бағалап, оны аға буынға көрсетілген ізет пен тәрбиенің көрінісі деп атады.

Сонымен қатар бүгін Димаш Құдайберген Қарағанды тұрғындарына алғыс білдірді. Ол жеке ұшақтан түскен суретін жариялап, жазбасына қысқаша: «Рахмет, Қарағанды!» деп жазды.

Еске салайық, бұған дейін әнші Қарағандыдағы ерекше әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларға арналған «Асем» орталығына арнайы барып, тәрбиеленушілермен жүздескен болатын.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор