Заңсыз шығарылған ақшаны қайтарумен айналысатын тағы бір орган құрылуы мүмкін

18.05.2023, 17:52
186
Заңсыз шығарылған ақшаны қайтарумен айналысатын тағы бір орган құрылуы мүмкін smartnews.kz

Бас прокуратураның жанынан заңсыз шығарылған капиталды қайтарумен айналысатын азаматтық тәркілеу институты құрылуы мүмкін, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Мәжіліс депутаттарына қылмыстық заңнамаға ұсынылған түзетулерді таныстырған Әділет вице-министрі Алма Мұқанова БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында осындай мәлімет айтты.

«Негізі Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша заң жобалары 31 наурызға дейін Мәжіліс қарауына енгізілуі керек болатын. Бірақ бұл заң жобасының өзі күрделі мәселе екенін білесіздер. Мемлекеттік органдар ұсынған көптеген норма мен ұсыныстарға қатысты бірқатар сұрақ туындап отыр.

Мысалы, Үкімет әзірлеген заң жобасында азаматтық тәркілеу институты дейтін жаңа институт құру ұсынылған. Егер қандай да бір тұлғаның иелігінде қайдан келгені негізделмеген орасан байлық, актив бар екені анықталса, тәркілеу үшін бүкіл қылмыстық инстациялардан өту керек. Тиісті тергеу жүріп, қылмыстық сотта қаралуы керек. Ол институт Бас прокуратураның жанынан құрылады. Осы меморганның аясында белгілі бір тұлғалардың тізімі қалыптасады. «Қайтаруға жататын активтің ең төменгі шегі қанша болуы керек?» деген сияқты қазір түрлі өлшемшарттар ұсынылуда. Кез келген азаматты күдікке алып, айып таға алмаймыз ғой. Яғни, ең төменгі соманы белгілеп алуымыз керек. Екінші бір мәселе – ол тұлғаның байлықты қандай жолмен иеленгенін анықтау. Оның өзгелерге қарағанда үстем жағдайы болды ма, ол да ескерілуі керек», – деді вице-министр.

БАҚ өкілдері азаматтық тәркілеу институтына кімдер тартылатынын сұрады.

«Қазіргі нұсқа бойынша ол орган Бас прокуратураның ішінен, сондағы құрылымдық бөлімшелердің бірі тағайындалуы мүмкін. Бірақ іздестіру мәселесі күрделі болып тұр. Осыған байланысты олардың арасына экономистер, аудиторлар және өзге де мамандар тартылуы мүмкін. Ең бастысы, бұл құрылатын орган тұлғалардың тиісті тізілімімен жұмыс істейтін болады. Ол тізілімге бірқатар өлшемшартқа сай келетін субьектілер енгізіледі. Осы субьектілер иелігіндегі мүліктері мен активтерін заңды жолмен тапқанын дәлелдеуі керек. Мысалы аса бай азамат болса, келіп декаларация тапсыруы керек. Ол декларацияда иелігіндегі байлық қай жолмен келгені туралы толық ақпарат беру керек. Егер ондай ақпаратты бере алмаса, дәлелдей алмаса тиісті орган азаматтық сотқа тәркілеу туралы жүгінеді», - деді ол.

"Маньяк болса ше?": Астанадағы "Азия парк" сауда орталығынан мәйіт табылды Түркістанда полиция жоғалған 4 жастағы баланы іздестіріп жатыр Белгілі актер Асқар Наймантаев өмірден өтті Қазақстан тарихының көп томдығы жарыққа шығады – Ерлан Қарин "Қасымда бейтаныс жан": Жұлдыз Әбдікәрімова тұрмысқа шыққысы кеп жүр ме? Арнайы прокурорлар «Алматы-Хостел» ғимаратындағы өртке қатысты тергеуге кірісті "Жақындарының дауысын келтіреді": Ұлттық Банкі алаяқтықтың жаңа схемасын әшкереледі "Келісі 1500 теңге": Ақтөбеде киік еті сатылымға шығарылды "Биылдыққа 5 рет ауруханада жаттым". Танымал актер Сәбит Әбдіхалықов дертке шалдыққанын айтты "Екінші отбасым бар": Дастан Қалдыбаев бірінші әйелінің көзіне шөп салған ба? Ұлтаралық араздық тудырған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды "Қыздарды жезөкшелікке тартқан": Шымкентте полицейлер үш притонды жойды «Нұрғали Нүсіпжанов амбассадор болды»: Ғаділбек Жанай өкпе-ренішін білдірді "Сол сумақайға кешірім жасамауым керек еді": Назарбаев кітабында Әблязов туралы жазды "Мүлде жылы сөйлемейді": Жазира мен Жанболат ажырасқалы жатыр ма? "Жынысын ауыстырған еркек бар": Атырауда екі ер адам жезөкшелікпен айналысқан «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға өзгерістер енгізілді Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайға кетті Ресейдің жоғарғы соты ЛГБТ қозғалысына түбегейлі тыйым салды Астанада сот орындаушы жерді заңсыз сатуға көмектескен