Ақбота-Нұрдың ашық образы желіде қызу талқыланды
Әншінің жаңа фотосы жанкүйерлердің де, сын айтушылардың да назарын аударды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса әрі әнші, бұрынғы «КешYOU» тобының солисі Ақбота-Нұр әлеуметтік желіде жаңа образымен көпшіліктің назарын аударды. Ковбой стиліндегі фотосы жанкүйерлер арасында да, сын айтушылар арасында да қызу талқыланды.
Өнерпаз Instagram парақшасында жаңа суреттерін жариялаған. Кадрларда Ақбота қара былғары киім киіп, ковбой стиліндегі образда көрінеді.
Жаңа фотолар әншінің жанкүйерлерін бейжай қалдырмады. Кейбірі оның келбетін жоғары бағалап, тіпті бірден тани алмағандарын жазған. Оқырмандардың бір бөлігі өнерпаздың жаңа стиліне сүйсінген.
Алайда желідегі пікірлердің бәрі бірдей оң болған жоқ. Кейбір қолданушылар Ақботаның соңғы кездері таңдаған киім үлгілерін сынға алып, бұрынғы стилін өзгерту жөнінде пікір білдірген.
Осылайша Ақбота Сейітмағамбеттің жаңа фотосессиясы әлеуметтік желіде кезекті пікірталасқа себеп болды. Бірі оның батыл стилін қолдаса, енді бірі өнерпаздың сыртқы келбетіне қатысты өз көзқарасын ашық жазған.
Материал авторы