1 қыркүйекке арналған валюта бағамы: доллар, еуро және рубль қанша тұрады?
Айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің бүгінгі бағамы жарияланды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және ресей рублінің 1 қыркүйектегі бағамы жарияланды.
Kurs.kz дерегіне сәйкес, Астанадағы айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы сатуға — 457,03 теңге, сатып алуға — 464,01 теңге болып тұр.
Еуро сатуға 529,01 теңге, сатып алуға 539,01 теңге деңгейінде ұсынылған. Ал ресей рублі сатуға 5,17 теңге, сатып алуға 5,37 теңге шамасында.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды 460,32 теңгеден сатып, 462,80 теңгеден сатып алуға болады.
Еуроның бағамы сатуға 532,92 теңге, сатып алуға 538,11 теңге болып белгіленген. Рубль бағасы 5,16–5,30 теңгеаралығында қалыптасты.
Шымкентте доллар сатуға 460,52 теңге, сатып алуға 462,60 теңге деңгейінде.
Еуроның сатылым бағасы 534,38 теңге, сатып алу бағасы 539,06 теңге. Ал рубль сатуға 5,19 теңге, сатып алуға 5,27 теңге болып отыр.
1 қыркүйектегі ресми валюта бағамы бойынша 1 АҚШ доллары — 462,31 теңге, 1 еуро — 536,09 теңге, ал 1 ресей рублі 5,34 теңге тұрады.
Материал авторы