Тоқаев ШЫҰ отырысына қатысу үшін Бішкекке келді
Қазақстан Президентін «Ырыс Ордо» конгресс-холында Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров қарсы алды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына қатысу үшін Бішкекке барды.
Мемлекет басшысы сондай-ақ «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысады.
Ресми шаралар Бішкектегі «Ырыс Ордо» конгресс-холында өтеді. Қазақстан Президентін Садыр Жапаров қарсы алды.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші