46

Елена Рыбакина US Open-дегі алғашқы матчына шығады

Әйелдер арасындағы жекелей сында чемпион атанған теннисші 5,5 миллион доллар және 2000 рейтингтік ұпай иеленеді.

Елена Рыбакина US Open-дегі алғашқы матчына шығады
Aaron Doster-Imagn Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, US Open-2026 турнирінің алғашқы айналымында күтпеген нәтиже тіркелді. Австралиялық Майя Джойнт ресейлік Людмила Самсонованы үш сетте жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті.

Әлемдік рейтингте 72-орында тұрған Джойнт кездесудің алғашқы сетінде 3:6 есебімен есе жіберді. Алайда австралиялық теннисші кейін ойын тізгінін қолға алып, келесі екі партияны 6:2, 6:2 есебімен өз пайдасына шешті.

Матч 1 сағат 59 минутқа созылды. Осылайша рейтингте 47-орында тұрған Людмила Самсонова АҚШ ашық чемпионатындағы жорығын алғашқы айналымда аяқтады.

Ал Майя Джойнт екінші кезеңге жолдама алып, енді әлемнің тоғызыншы ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен кездеседі.

Бүгін, 1 қыркүйекте Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да US Open-2026 турниріндегі алғашқы матчын өткізеді. Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші америкалық Тея Фродинмен ойнайды. Оның қарсыласы WTA рейтингінде 585-орында тұр.

Әйелдер арасындағы жекелей сында US Open чемпионы атанған спортшы 5,5 миллион доллар көлемінде жүлде қоры мен 2000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Материал авторы