Атырау ауылдарына жұмысқа барған жас дәрігерлерге 5 млн теңгеден беріледі
Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев мәлімдеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
«Осыған байланысты Атырау облысының әкімі Серік Шәркеновтің қолдауымен өңірге жұмыс істеуге келетін жас мамандарға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Атап айтсақ, қалада орналасқан медицина мекемелеріне жұмысқа орналасқан маманға 3 млн, ауданға барған дәрігерлерге 5 млн теңге қаражат, қызметтік баспана немесе Отбасы банкі арқылы несиелік тұрғын үй беріледі. Осыған байланысты Атырау облысындағы ауруханалар мен емханалардың бас дәрігерлері Астана медицина университетінде интерн және резиденттермен кездесу өткізді», - деп хабарлады Қайсар Абдалиев.
Оның оның кездесуден 20-астам жас маман Атырау облысындағы медицина мекемелеріне жұмысқа келуге қызығушылық танытқан.