Қазақстан мен Қытай ЖОО-лары теміржол кадрларын бірлесіп даярламақ

18.05.2023, 19:02
786
Қазақстан мен Қытай ЖОО-лары теміржол кадрларын бірлесіп даярламақ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің делегациясы Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтында болып, машина жасау, көлік және логистика салалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

ЖОО-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тараптар Қазақстан мен Қытайдың логистика саласындағы ынтымақтастығы аясында студенттермен алмасу, технологиялар трансферті, ғылым мен техника саласындағы ортақ жобалар және теміржол инженерлерін даярлау бағдарламасын іске қосуға уағдаласты.

«Келісім бойынша қазақстандық студенттер «1+3» бағдарламасы бойынша Қытайға оқуға баруға мүмкіндік алады. Бірінші оқу жылында олар қытай тілін үйренеді, ал келесі үш жыл бакалавриат бағдарламасы бойынша мамандық алуға арналады. Қытай тарапы мұндай студенттерге шәкіртақы беріп, қолдау көрсетеді. Бұл ретте Сәтбаев университеті мен Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институты бір-бірінің оқу кредиттерін есептеп, студенттер мен оқытушыларды өзара алмастырып отырады. Оқу үдерісін жеңілдету үшін, Политехта Циньлин институтының базасы негізінде қытай тілі курстары ашылады», - делінген ақпаратта.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды