27

Үсік, тұман және шаңды дауыл: Қазақстанда 2 қыркүйекте ауа райы қандай болады

Қазгидромет бірқатар өңірге дауылды ескерту жариялады.

Үсік, тұман және шаңды дауыл: Қазақстанда 2 қыркүйекте ауа райы қандай болады
Gleive Marcio Rodrigues de Souza / Pexels

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде 2 қыркүйекте ауа райы күрт құбылады. Елдің солтүстік және орталық аймақтарында үсік күтілсе, оңтүстік өңірлерде күн ыстық болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, ал Қызылордада шаңды дауыл соғуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» жазды.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде ауа температурасы +1...+3 градус, күндіз +12...+14 градус болады. Топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік күтіледі.

Алматыда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Түнгі температура +11...+13 градус, күндіз +20...+22 градус шамасында.

Шымкентте жауын-шашын болмайды, күндіз желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +14...+16 градус, күндіз +28...+30 градусқа дейін көтеріледі.

Ақтөбеде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +9...+11 градус, күндіз +27...+29 градус күтіледі.

Ақтауда ауа райы жауын-шашынсыз, ала бұлтты болады. Түнгі температура +16...+18 градус, күндіз +26...+28 градус.

Атырауда күн ашыққа жақын болады. Түнде +12...+14 градус, күндіз +28...+30 градусқа дейін жылынады.

Жезқазғанда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +3...+5 градус, күндіз +20...+22 градус болады.

Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі. Түнгі уақытта желдің екпіні күшейіп, ауа температурасы -1...-3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Күндіз +14...+16 градус болады.

Көкшетауда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде 0...+2 градус, күндіз +16...+18 градус. Топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік болуы ықтимал.

Қонаевта күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнгі температура +11...+13 градус, күндіз +21...+23 градус.

Қостанайда түнде +3...+5 градус, күндіз +20...+22 градус күтіледі. Жауын-шашын болжанбайды.

Қызылордада күндіз шаңды дауыл тұрып, жел күшеюі мүмкін. Түнде +11...+13 градус, күндіз +25...+27 градус болады.

Павлодарда түнде және таңертең тұман түседі. Түнгі температура +3...+5 градус, күндіз +14...+16 градус. Топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік күтіледі.

Петропавлда түнгі температура 0...+2 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +16...+18 градус болады. Топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Семейде жаңбыр жауып, желдің екпіні күшейеді. Түнде +3...+5 градус, күндіз +12...+14 градус шамасында.

Талдықорғанда түнде және таңертең тұман түседі. Жауын-шашын күтілмейді. Түнгі температура +3...+5 градус, күндіз +20...+22 градус.

Таразда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Күндіз жел күшейіп, ауа температурасы +23...+25 градусқа жетеді.

Түркістанда жауын-шашын болмайды, желдің екпіні күшейеді. Түнде +14...+16 градус, күндіз +28...+30 градус күтіледі.

Оралда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +9...+11 градус, күндіз +27...+29 градус болады.

Өскеменде таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Күндіз жел күшейеді. Түнгі температура +2...+4 градус, күндіз +12...+14 градус болады.

 

Материал авторы