Елімізде Каспий теңізін зерттейтін ғылыми институт ашылады

19.05.2023, 09:14
561
Елімізде Каспий теңізін зерттейтін ғылыми институт ашылады smartnews.kz

Елімізде Каспий теңізін зерттейтін ғылыми институт ашылады. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен өткен жиында белгілі болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Жиынға облыстық экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов, «Казагромелиоводхоз» РММ-нің басшысы Мақсат Монтаев, мемлекеттік мекемелер басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, NCOC компаниясының өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.

«Казагромелиоводхоз» РММ-нің басшысының орынбасары Қайратқали Хайрулланың айтуынша, соңғы онжылдықта Каспий теңізінде елеулі өзгерістер байқалған. Теңізде су деңгейінің төмендеген. Теңіз табанынан көмірсутекті шикізатты өндіруге байланысты антропогендік жүктеменің артқан. Сондай-ақ, теңізге түсетін төгінділерден ластаушы заттардың жоғары концентрациясы анықталып отыр. Заңсыз балық аулау, итбалықтар мен балықтардың қырылуы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әсер етеді.

Мемлекет басшысы Каспий теңізін зерттеумен айналысатын мемлекеттік ғылыми институт құрған жөн екенін айтқан болатын.

Мамандардың пікірінше, институт қызметі бірнеше бағытты қамтымақ.

Біріншіден, Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын зерттеуге назар аударылады. Екіншіден, су деңгейінің төмендеуі зерттеледі. Үшіншіден, итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу себептерін анықталады. Төртіншіден, Каспий итбалығының популяциясын сақтау мәселесі қамтылады. Бесіншіден, теңіздің ихтиофаунасы зерттеу ұсынылып отыр. Алтыншыдар, Каспий теңізінің акваториясы мен жағалауына тұрақты тексеру жүргізіледі. Жетіншіден, Каспий маңы мемлекеттеріндегі әріптестерімен тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз ету көзделген.

Қазір ғылыми институттың концепциясы дайындалып жатыр. Институт бас кеңсесі Ақтау қаласында орналасады. Ал, Атырауда филиалын ашу көзделген.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған