14 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы құбылмалы болады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 14 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Дегенмен жекелеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.
Астанада күн бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпінді болады. Түнде ауа температурасы +10...+12, күндіз +16...+18 градус.
Алматыда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы қалыптасады. Түнде +17...+19, күндіз +29...+31 градус болады.
Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Түнде +15...+17, күндіз +30...+32 градусқа дейін жылынады.
Ақтөбеде жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Түнде +6...+8, күндіз +20...+22 градус.
Ақтауда жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +28...+30 градус.
Атырауда күндіз +26...+28 градусқа дейін жылынса, түнде ауа температурасы +13...+15 градус болады. Жауын-шашын күтілмейді.
Жезқазғанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +10...+12, күндіз +23...+25 градус.
Қарағандыда жауын-шашын болмайды. Түнде +11...+13, күндіз +20...+22 градус.
Көкшетауда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні күшейеді. Түнде +10...+12, күндіз +16...+18 градус.
Қонаевта жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Түнде +17...+19, күндіз +29...+31 градус.
Қостанайда жауын-шашын күтілмейді, түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +8...+10, күндіз +17...+19 градус.
Қызылордада жауын-шашын болмайды. Түнде +14...+16, күндіз +28...+30 градус.
Павлодарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +14...+16, күндіз +18...+20 градус.
Петропавлда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні күшейеді. Түнде +10...+12, күндіз +16...+18 градус.
Семейде жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Түнде +15...+17, күндіз +25...+27 градус.
Талдықорғанда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +17...+19, күндіз +28...+30 градус.
Таразда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +14...+16, күндіз +28...+30 градус.
Түркістанда жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +30...+32 градусқа дейін көтеріледі.
Оралда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +10...+12, күндіз +23...+25 градус.
Өскеменде де жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +14...+16, күндіз +26...+28 градус аралығында болады.
Материал авторы