Доллар 450 теңгеден асты: 14 қыркүйектегі валюта бағамы
14 қыркүйекке доллар, еуро және рубльдің айырбастау бағамы белгілі болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 14 қыркүйектегі жағдай бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу және сату бағамдары жарияланды.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астанада айырбастау орындарында доллар орта есеппен 448,04 теңгеден сатылып, 454,91 теңгеден сатып алынады. Еуроның сату бағамы 520,01 теңге, сатып алу бағамы 530 теңге болды. Ал рубль 5,07 теңгеден сатылып, 5,28 теңгеден сатып алынған.
Алматыда айырбастау орындарында долларды 450,23 теңгеден сатуға, 452,54 теңгеден сатып алуға болады. Еуро 522,06 теңгеден сатылып, 527,41 теңгеден сатып алынды. Рубльдің бағамы 5,11-5,24 теңге аралығында қалыптасты.
Шымкентте доллар 449,40 теңгеден сатылып, 451,60 теңгеден сатып алынуда. Еуроның сату бағамы 521,95 теңге, сатып алу бағамы 527,95 теңге болды. Рубль 5,16 теңгеден сатылып, 5,22 теңгеден сатып алынды.
14 қыркүйекке белгіленген ресми бағам бойынша 1 доллар – 450,91 теңге, 1 еуро – 522,69 теңге, 1 рубль 5,33 теңгеге тең.
Материал авторы