1334

Қайрат Нұртастың анасы күйзелістен кейін есте сақтау қабілеті нашарлағанын айтты

Үйдегілердің атын ұмыта бастадым дейді продюсер.

Қайрат Нұртастың анасы күйзелістен кейін есте сақтау қабілеті нашарлағанын айтты
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова соңғы уақытта денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болғанын айтты.

Продюсердің сөзінше, қатты күйзелістен кейін оның есте сақтау қабілетіне қатысты мәселе пайда болған. Кейде тіпті жақын адамдарының есімдерін еске түсіру қиынға соғатынын жеткізді.

«Қатты уайымның әсерінен адам ұмытшақ болып қалатынын білдім. Менде де осындай мәселе пайда болды: үйдегілердің есімдерін ұмыта бастадым. Қазір дәрумендер қабылдап жүрмін, әйтпесе жадымнан мүлде айырылып қалғандай сезінемін», – деді Гүлзира Айдарбекова.

Продюсердің бұл сөзі әлеуметтік желі қолданушыларының алаңдаушылығын тудырды. Кейбірі оған көбірек демалып, кітап оқып, өзін артық уайымнан қорғауға кеңес берген. Сондай-ақ пікір білдірушілердің арасында есте сақтау қабілетіндегі өзгерістерді жас ерекшелігімен байланыстыратындар да болды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор