Астанада доллар 453 теңгеге жуықтады: 15 қыркүйектегі айырбас бағалары
15 қыркүйекте айырбастау орындарында валюта бағамы жарияланды
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 15 қыркүйектегі жағдай бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу-сату бағамдары белгілі болды.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астанада айырбастау орындарындағы доллардың орташа сату бағамы 445,90 теңге, ал сатып алу бағамы 452,89 теңге болды. Еуро 515,89 теңгеден сатылып, 525,76 теңгеден сатып алынған. Рубльдің сату бағасы 5,05 теңге, сатып алу бағасы 5,26 теңге деңгейінде қалыптасты.
Алматыда айырбастау орындары долларды орта есеппен 447,56 теңгеден сатып алып, 450 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағасы 515,95 теңге, сату бағасы 521,31 теңге болды. Рубль 5,08-5,20 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Шымкентте доллардың сатып алу бағамы 447,79 теңге, сату бағамы 449,90 теңге деңгейінде. Еуро 517,81 теңгеден сатып алынып, 523,35 теңгеден сатылуда. Рубльдің бағасы тиісінше 5,12 және 5,19 теңгені құрады.
Ал бүгінгі ресми бағам бойынша 1 АҚШ доллары 447,80 теңге, 1 еуро 516,76 теңге, ал 1 рубль 5,3 теңге болып белгіленді.
Материал авторы