«Ішіме тиіспеңдер»: Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі келбетіне қатысты сынға жауап берді
Әнші сахнадағы жаңа видеосын жариялап, өз дене бітіміне қатысты пікір білдіргендерге жауап қайтарды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Ерке Есмахан жуырдағы сахналық өнер көрсетуінен видео жариялап, дене бітіміне қатысты айтылған сынға жауап берді.
Өнер иесі жолдасы, рэпер RaiM-мен бірге сахнаға шыққан сәтін әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетті. Ерке Есмахан концертке изумруд түсті сәнді киім киіп, образын күміс түсті биік өкшелі аяқ киіммен толықтырған.
Алайда жарияланған видеоға кейбір жанкүйерлер оның дене бітіміне қатысты пікір қалдырған. Әнші өзіне «ішіңіз бар екен» деген мазмұнда сын айтқандарға жауап берді.
«Ішіме тиіспеңдер. Бұл – менің үш ұлдың анасы деген ең жоғарғы статусым ғой. Кететін шығар, босанғаныма 1 жыл ғана болды ғой», – деп жазды Ерке Есмахан.
Бұған дейін әнші Италиядан жаңа видео жариялап, жазғы демалысын қалай өткізгенін бөліскен болатын.
Материал авторы