30 градустан жоғары: Қазақстанда 16 қыркүйекте күн жылы болады
Синоптиктер кей аймақтарда жаңбыр, найзағай және екпінді жел болатынын ескертті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 16 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. Дегенмен кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейеді. Күндіз жекелеген аймақтарда ауа температурасы 30 градустан жоғары көтеріледі.
Астанада күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы +8...+10°C, күндіз +20...+22°C аралығында болады.
Алматыда да жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Түнде +14...+16°C, күндіз +26...+28°C.
Шымкентте жауын-шашын болмайды, бірақ желдің екпіні күшейеді. Түнгі температура +16...+18°C болса, күндіз +30...+32°C-қа дейін көтеріледі.
Ақтөбеде жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Күндіз екпінді жел соғады. Температура түнде +14...+16°C, күндіз +28...+30°C болады.
Ақтауда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +18...+20°C, күндіз +30...+32°C.
Атырауда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Түнде +16...+18°C, күндіз +29...+31°C болады.
Жезқазғанда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Түнде +7...+9°C, күндіз +23...+25°C.
Қарағандыда жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +18...+20°C.
Көкшетауда түнде +9...+11°C, күндіз +18...+20°C болады. Жауын-шашын күтілмейді.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +12...+14°C, күндіз +26...+28°C.
Қостанайда жауын-шашын болмайды. Түнде +7...+9°C, күндіз +20...+22°C.
Қызылордада күн ашықтау болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +15...+17°C, күндіз ауа температурасы +30...+32°C-қа жетеді.
Павлодарда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Екпінді жел соғады. Түнде +9...+11°C, күндіз +16...+18°C.
Петропавлда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +18...+20°C.
Семейде күн бұлтты болғанымен, жауын-шашын болмайды. Түнде +8...+10°C, күндіз +20...+22°C.
Талдықорғанда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде +5...+7°C, күндіз +25...+27°C.
Таразда жауын-шашын болмайды. Түнде +11...+13°C, күндіз +27...+29°C.
Түркістанда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы қалыптасады, күндіз желдің екпіні күшейеді. Түнде +15...+17°C, күндіз +31...+33°C.
Оралда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз екпінді жел соғады. Температура түнде +15...+17°C, күндіз +23...+25°C болады.
Өскеменде күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +8...+10°C, күндіз +20...+22°C.
Материал авторы