Доллар 450 теңгеге жуықтады: 16 қыркүйектегі валюта бағамы
Ақша айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубль бағасы белгілі болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу және сату бағамдары белгілі болды.
Астанада айырбастау орындарында долларды орта есеппен 445,75 теңгеден сатуға болады, ал сатып алу бағасы – 452,75 теңге. Еуроның сату бағамы 513,68 теңге болса, сатып алу құны 523,68 теңгеге жетті. Ресей рублін 5 теңгеден сатуға, 5,20 теңгеден сатып алуға болады.
Алматыда доллардың орташа сату бағасы 446,76 теңгені, сатып алу бағасы 449,10 теңгені құрады. Еуро 515,21 теңгеден сатылып, 520,24 теңгеден сатып алынады. Рубльді 5,07 теңгеден өткізіп, 5,19 теңгеден сатып алуға болады.
Шымкентте долларды орта есеппен 447,12 теңгеден сатуға, 449,23 теңгеден сатып алуға болады. Еуроның сату бағасы шамамен 516,21 теңге, сатып алу бағасы – 521,46 теңге. Ресей рублін 5,09 теңгеден сатуға, 5,19 теңгеден сатып алуға болады.
Қазақстандағы ресми валюта бағамы бойынша 16 қыркүйекте 1 АҚШ доллары – 447,88 теңге, 1 еуро – 516,58 теңге, 1 Ресей рублі 5,29 теңге болып белгіленді.
Материал авторы