3269

Елена Рыбакина биыл ең көп табыс тапқан теннисші әйел атанды

Рыбакина биыл теннистен қанша сыйақы алғаны мәлім болды.

Елена Рыбакина биыл ең көп табыс тапқан теннисші әйел атанды
instagram.com/lenarybakina

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымда әйелдер арасындағы ең көп жүлде қорының иегері атанды. Ол жыл басынан бері корттағы жарыстардан 10,8 миллион доллар тапқан.

Sportico сарапшылары 2026 жылғы маусымда ең көп табыс тапқан теннисшілер рейтингін жариялаған. Жалпы тізімде Рыбакина 10,8 миллион доллармен үшінші орынға жайғасқан.

Қазақстандық спортшыдан жоғары көрсеткішке Германия өкілі Александр Зверев – 14,7 миллион доллар және Италия теннисшісі Янник Синнер – 11,5 миллион доллар ие болған.

Ал әйелдер арасындағы тізімде Елена Рыбакина көш бастады. Оның биылғы табысының негізгі бөлігі АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісіне байланысты. US Open төрт «Үлкен дулыға» турнирінің ішінде ең жоғары жүлде қорын ұсынады.

Жалпы 2026 жылы 50 теннисші, оның ішінде 23 әйел мен 27 ер ойыншы, корттағы жүлделерден кемінде 2 миллион доллардан тапқан.

Теннисшілердің ірі жүлде үшін таласатын келесі мүмкіндігі қараша айында өтетін ATP және WTA қорытынды турнирлерінде болады.

Бұған дейін Елена Рыбакинаның 2026 жылғы US Open турниріндегі жеңісі үшін қанша жүлде алғаны хабарланған еді. Сондай-ақ қазақстандық спортшының тарихи жеңістен кейін салыққа байланысты қомақты қаржыдан қағылуы мүмкін екені жазылған.

Материал авторы