4264

«Оған психологиялық көмек қажет»: танымал боксшы Данияр Елеусіновке алаңдады

Боксшы Елеусіновке мамандардың көмегі, психологиялық қолдау немесе оңалту қажет болуы мүмкін екенін айтты.

«Оған психологиялық көмек қажет»: танымал боксшы Данияр Елеусіновке алаңдады
instagram.com/yeleussinovdaniyar

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, боксшы Аида Сатыбалдинова Данияр Елеусіновтің соңғы мәлімдемелеріне қатысты пікір білдіріп, оның менеджері Зия Алиевке үндеу жасады.

Спортшы Instagram Stories парақшасында Олимпиада чемпионының қазіргі жағдайына назар аударып, қажет болған жағдайда оған қолдау көрсету керектігін айтты.

«Оның басынан не өтіп жатқанын өздеріңіз көріп отырсыздар. Менеджері ретінде Даниярға көмектесе алмайсыздар ма?» – деп жазды Аида Сатыбалдинова.

Боксшы Елеусіновке кәсіби мамандардың көмегі қажет болуы мүмкін екенін де атап өтті.

«Егер оған мамандардың көмегі, психологиялық қолдау немесе оңалту қажет болса, бұған назар аударған жөн деп ойлаймын», – деді ол.

Бұған дейін Данияр Елеусінов қазақстандық боксшы әрі актер Еркебұлан Тоқтарды «хайпажор» деп атап, оны жекпе-жекке шақырған. Тоқтар бұл ұсынысты қабылдағаннан кейін Елеусінов оны екіжүзділік танытты деп айыптаған.

Сондай-ақ Олимпиада чемпионы бұған дейін алкогольге қатысты мәселелері туралы ашық пікір білдірген болатын.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор