803

Атырау облысында мұғалім мектеп алаңына кірген агрессивті ер адамды күрекпен қуып шықты

Оқиға кезінде ер адам өзін агрессивті ұстап, тас лақтырып, тұрақта тұрған көліктің төрт дөңгелегін зақымдаған.

Атырау облысында мұғалім мектеп алаңына кірген агрессивті ер адамды күрекпен қуып шықты
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Шортанбай ауылында мұғалім мектеп аумағына кіріп, агрессивті әрекет жасаған ер адамды қуып шықты. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы жазды.

Оқиға 14 қыркүйек күні таңертең болған. Ер адам өзін оғаш әрі агрессивті ұстап, айналасына тас лақтырған. Сондай-ақ өткір затпен тұрақта тұрған көліктің төрт дөңгелегін зақымдаған.

Жағдайды мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі байқап қалған. Ол күрек алып, ер адамды мектеп алаңынан шығарып, кейін учаскелік инспекторды шақырған.

Сол күні ер адам медицина қызметкерлерінің сүйемелдеуімен ауруханаға жеткізіліп, стационарлық емге жатқызылды. Кейін оның психикалық ауруға байланысты медициналық есепте тұрғаны анықталған.

Полиция қауіпті жағдай кезінде дер кезінде әрекет еткен мұғалімге алғысын білдірді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор