1217

Халық Айгерім Қалаубаеваны Шакираға ұқсата бастады

Айгерім Қалаубаева жаңа клипіндегі образдарымен тәнті етті.

Халық Айгерім Қалаубаеваны Шакираға ұқсата бастады
instagram.com/aikerim_kalaubaeva_official

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Айгерім Қалаубаева жаңа бейнебаянын көрермен назарына ұсынды. «Махаббатым-Машақатым» әніне түсірілген клипте өнер иесі бірнеше жарқын образымен көрініп, жанкүйерлерінің назарын аударды.

Бейнебаян әншінің YouTube арнасында жарияланған. Ал Айгерім Қалаубаева Instagram парақшасында клип түсірілімінен кадрлар бөлісті.

Түсірілімдегі образдарының бірінде әнші көк түсті джинсы шорты мен беліне байланған жейде киген. Киім үлгісін гүлді өрнекпен безендірілген биік етік толықтырған. Ал ұзын, толқынды шашы образға ерекше сипат берген.

Жанкүйерлер әншінің бұл стилінен танымал колумбиялық орындаушы Шакираға ұқсастық байқаған. Жаңа клипте Айгерім Қалаубаева әнімен қатар, биі мен сахналық стилін де алдыңғы қатарға шығарған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор