17 қыркүйекте Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады
Бірқатар қалада жел күшейіп, кей өңірлерде оның екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 17 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. Дегенмен кей өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіліп, жекелеген аудандарда жел күшейеді. Күндіз ел аумағында негізінен жылы ауа райы сақталады.
Астанада күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +6...+8, күндіз +23...+25 градус. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді.
Алматыда да жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Түнде +12...+14, күндіз +25...+27 градус болады. Жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады.
Шымкентте ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +28...+30 градусқа дейін көтеріледі. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Ақтөбеде жаңбыр жауады. Түнде +17...+19, күндіз +21...+23 градус. Қостанай, Петропавл және Орал қалаларында да жаңбыр мен найзағай күтіледі. Бұл қалаларда желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.
Ақтауда түнде +17...+19, күндіз +27...+29 градус, Атырауда +17...+19 және +26...+28 градус аралығында болады. Жезқазғанда күндіз +24...+26 градусқа дейін жылынады.
Қарағандыда түнгі температура +5...+7, күндіз +21...+23 градус болады. Көкшетауда жаңбыр жауып, жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады.
Қонаевта жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде +12...+14, күндіз +26...+28 градус. Қызылордада күн ашық болып, ауа температурасы күндіз +30...+32 градусқа дейін көтеріледі. Алайда желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Павлодарда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Түнде +6...+8, күндіз +21...+23 градус. Семейде күндіз +18...+20 градус, жел 7-12 м/с болады.
Талдықорғанда түнде +3...+5 градусқа дейін салқындайды, күндіз +24...+26 градусқа дейін жылынады. Таразда күндіз +27...+29, Түркістанда +30...+32 градус болады. Екі қалада да жауын-шашын күтілмейді.
Өскеменде түнде +8...+10, күндіз +18...+20 градус болжанады. Оралда жаңбыр мен найзағай күтіліп, күндіз ауа температурасы +20...+22 градус шамасында болады.
Материал авторы