1061

Доллар 445 теңгеге жуықтады: еліміздегі айырбас бағамы

17 қыркүйектегі доллар, еуро және рубль бағасы жарияланды.

Доллар 445 теңгеге жуықтады: еліміздегі айырбас бағамы
Sebastian Moldoveanu's Images / Canva

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 17 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында негізгі шетел валюталарының бағамы белгілі болды. Доллар, еуро және рубльдің сатып алу мен сату құны қалаларға қарай аздап ерекшеленеді.

Kurs.kz мәліметінше, Астанада айырбастау орындары долларды орта есеппен 442,89 теңгеден сатып алып, 449,83 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағасы — 510,90 теңге, сату бағасы — 520,86 теңге. Ресей рублі 4,97 теңгеден қабылданып, 5,17 теңгеден сатылып жатыр.

Алматыда долларды 444,12 теңгеден сатуға, 446,37 теңгеден сатып алуға болады. Еуроның сатып алу бағасы орта есеппен 512,02 теңге болса, сату құны — 517,24 теңге. Рубль 4,99 теңгеден қабылданып, 5,13 теңгеден сатылуда.

Шымкентте айырбастау орындары долларды орта есеппен 444,38 теңгеден сатып алып, 446,42 теңгеден сатуда. Еуроның бағасы тиісінше 512,76 және 518,20 теңге. Рубльді 5,06 теңгеден өткізіп, 5,13 теңгеден сатып алуға болады.

Қазақстандағы 17 қыркүйекке белгіленген ресми бағам бойынша 1 доллар — 444,88 теңге, 1 еуро — 513,26 теңге, 1 рубль — 5,28 теңге.

Материал авторы