Бұқтырма арқылы өтетін көпір құрылысына тағы 15 млрд теңге қажет

20.05.2023, 13:49
686
Бұқтырма арқылы өтетін көпір құрылысына тағы 15 млрд теңге қажет altaynews.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма арқылы өтетін көпір құрылысына тағы 15 млрд теңге қажет, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Шығыс Қазақстандағы Күршім мен Самар аудандарын жалғайтын «Қызыл ту» өткеліне көпір салынып жатқаны белгілі. Көпір құрылысы 2024 жылға дейін аяқталады деп жоспарланған.

ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта Күршім мен Самар жақтағы екі жағалауда да тіреуіштер салынуда. Уақытша көпір салынып бітті, онда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

«Биыл көпір құрылысына 5 млрд теңге бөлінген. Алайда бұл сома жеткіліксіз. Тағы да 15 млрд теңге қажет. Бұл еліміздегі ең ұзын көпір болмақ. Оның ұзындығы 1316 шақырымды құрайды. Көпір салынған соң облыстың көлік логистикасы түбегейлі өзгеріп, бірден үш аудан – Күршім, Тарбағатай және Зайсан тұрғындарының Өскеменге қатынауы жеңілдейді. Көпір тәулігіне 20 мыңнан астам көлікті өткізеді деп болжануда», - дейді басқарма басшысы Нұржан Жұмаділов.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды